Үкіметтің үстінен шағым. Қашағандағы компаниялар халықаралық арбитражға жүгінді

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hpo2mcJFVT41qt8OVtU8YBWV7KNQwqHdx6DjA2iI.jpg

Қазақстандағы Қашаған кен орны жобасын игеріп отырған ірі мұнай компаниялары 2,3 трлн теңгелік экологиялық айыппұл мәселесі бойынша халықаралық арбитражға өтініш берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kursiv-ке сілтеп.

Мәселе Астанадағы соттың компаниялардың айыппұлды жою туралы шағымын қанағаттандырмауынан кейін ушыға түскен. Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі Қашаған маңындағы игерілмеген Ақтоты мен Қайран кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару талабымен бөлек арбитраждық іс қозғап отыр.

Bloomberg дерегінше, бұл даулар Қазақстан мен мұнай алпауыттары арасындағы Қашағанға қатысты жалпы көлемі 166 млрд долларды құрайтын ірі келіспеушіліктің бір бөлігі болып табылады. Даулар жоғалған табыс, шығындарды өтеу және экологиялық талаптарға байланысты.

Экологиялық айыппұл күкіртті сақтау ережелерін бұзу негізінде берілген. Қашаған кен орнын басқаратын North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясы талаптарды сақтағанын мәлімдеген. Қазақстанның жауапты ведомстволары бұл тақырыпта әзірге пікір білдірген жоқ.

댓글
기타 기사