Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

202
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eoaZbnatAP61sQWELv5BOyfnHJSEiRlWyYZoKmHF.jpg

Белгілі журналист Диас Нұрақын Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін бұл қызметті Жанна Арынбекова атқарған болатын.

Диас Ермекұлы 1987 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, ​Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

2006-2007 жылдары мемлекетаралық «МИР» телеарнасында  аудармашы-редактор, 2007-2008 жылдары КТК телеарнасындағы «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламасында редактор;

2008-2009жылдары республикалық «Жас Қазақ» газетінде арнаулы тілші қызметтерін атқарған.

2009-2015 жылдары республикалық «Жетінші арнаның» жаңалықтар қызметінде тілші, 2015-2016 жылдары «КТК» телеарнасының жаңалықтар тілшісі, «Аптап» ақпараттық сараптама бағдарламасының шығарушы-редакторы болған.

2016 жылдан бастап ​«КТК» телеарнасы жаңалықтар қызметінің аймақтардағы қосынының редакторы лауазымдарын атқарған.

댓글
기타 기사