Қорғаныс саласының ардагеріне құрмет

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4s3NMCDNXuJ1BWkI5VNx3rqPrIw1iAg2xWdsPJSF.jpg

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қорғаныс саласының ардагері, генерал-майор Хайретдин Расқалиевті қабылдап, мерейлі 75 жасқа толуымен құттықтады.

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, Президенттің Құрмет грамотасы және бірнеше медальдің иегері Хайретдин Расқалиев еңбек жолын офицерден бастап, ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас штабы орталық командалық пунктінің бастығына дейін көтерілді. 

Еңбек ардагері өзі қызмет еткен жылдары елімізге жаңа әскери әуе техникасын әкелуге айрықша атсалысты. Зейнетке шыққан соң өңірдегі әуе қатынасының сапасын жақсартуға зор үлес қосты.

Аймақ басшысы әскери қайраткердің Отанға деген адал қызметі, күштік құрылымдардағы бай тәжірибесі кейінгі буын үшін нағыз үлгі-өнеге екенін айтты. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі еңбегін жоғары бағалап, сый-құрмет көрсетті.

Мерейтой иесі жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, ауыл-елдің амандығын тіледі.

 

댓글
기타 기사