"Сәкен Сейфуллин большевик жеңетінін білді"

148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KoEA0iMnlreWr7iHBdrZyQKR1JMLg3cT4yWDvgu5.jpg

"Адырна" ұлттық порталы YouTube арнасының кезекті қонағы - ақын Серікзат Дүйсенғазы.

Сұхбатта ол әдебиет, айтыс, ғылым және жеке өмір тақырыптары кеңінен қозғады. Қонақ бала күнінде көрген тұлғалар, Ерғазы және Тұрсынғазы Рахимовтар туралы естеліктерімен бөлісіп, өлең жазуға келу жолын әңгімеледі. Сонымен қатар Ринат Зайытовпен бірге тұрған жылдары, ақындық пен ғылымды қатар алып жүру, ақынның үнсіз қалуы тиіс сәттер мен ішкі күйді тану жайы сөз болды.

Әңгіме барысында қазіргі жастардың тілі, ақындар үшін маңызды құндылықтар, Сәкен Сейфуллиннің тұлғасы, Жүрсін Ерманның айтысқа қосқан еңбегі және айтысты әлемдік деңгейге шығару мәселесі көтерілді. Сондай-ақ командалық айтыстың болашағы талқыланды.

Подкастың ең әсерлі бөлігі – ақынның жеке қасіреті. Ол өмірден өткен ұлы Әлихан туралы, кейін дүниеге келген Әлімхан жайлы айтып, қазақтың қазаға қатысты дәстүрлері мен тағдыр туралы ойларын бөлісті. Соңында жастарға ақыл-кеңес беріп, қазақ қоғамы сақ болуы тиіс үш маңызды нәрсені атап өтті.

댓글
기타 기사