Өтініштен нәтижеге дейін: Қарағанды облысында «Таза Сенім» жобасы бастау алды

154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hto5cjTmRHxpYMVnKjUJIx6kdog1cTyRKkELVYuC.jpg

Өңірде Қарағанды облысының прокуратурасы бастамашы болған «Таза Сенім» жобасы іске қосылды. Жоба «Құқықтық тәртіп әркімнен басталады» қағидаты аясында жүзеге асырылуда. Бұл бастама азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыруға бағытталған және іске тартылған мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетуді көздейтін практикалық сипатқа ие.

Пилоттық жобаға бес мемлекеттік орган қатысуда: полиция, Мемлекеттік кірістер департаменті, әділет органдары, білім беру және денсаулық сақтау басқармалары. Жобаның үйлестірушісі ретінде Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаменті айқындалды. Сонымен қатар жобаны қолдауға прокуратура, құқықтық статистика органдары, әкімдік, мемлекеттік қызмет, депутаттар және Кәсіпкерлер палатасы тартылды.

Жоба аясында оқыту іс-шараларын өткізу, ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту және азаматтардың өтініштерін қарау барысының серпінін ай сайын талдау көзделген.

Жобаның негізгі мақсаты – халықтың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын арттыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту.

댓글
기타 기사