«ҚазТрансОйл» ресейлік мұнай транзитінің тарифін көтереді

83
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gWn3Tgv2Gwn00UgUqtFSuFMqCuGOu8j4Kh0vA0V7.webp

Қазақстанның ұлттық мұнай операторы «ҚазТрансОйл» мұнай бағасын көтермек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

1 наурыздан бастап Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитпен жеткізілетін ресейлік мұнайды тасымалдау құнын арттырады. 

Жаңа тарифке сәйкес, тасымалдау құны 0,12 АҚШ долларына (0,4 пайызға) өсіп, қосылған құн салығын есептемегенде 1 тонна үшін 28,02 долларды құрайды.

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Өзбекстанға магистральды мұнай құбырлары жүйесімен айдау 2017 жылы басталған. Мұнай Омбы – Павлодар – Шымкент бағыты бойынша Шағыр мұнай құю пунктіне дейін жеткізіліп, кейін теміржол цистерналарына құйылып, теміржол арқылы Өзбекстанға жөнелтіледі.

Компания өткен жылдың желтоқсан айында Ресей мұнайының Өзбекстанға транзитін қайта жандандырған болатын. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Ресей Қазақстан арқылы Өзбекстанға 7,5 млн тонна мұнай жеткізген.

댓글
기타 기사