Шахта опырылып, екі жүзден астам адам қаза тапты

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K3GxubgCFuNKcCALXVoYiYUND9o8jGSjFrvk2kIA.webp

Конгоның Солтүстік Киву провинциясында шахта опырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Салдарынан кемінде 227 адам көз жұмды.

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға жөнінде бүлікшілер тағайындаған губернатордың өкілі Лубумба Камбере Муиса мәлімдеген. Құрбандардың арасында шахта жұмысшылары, балалар және жақын маңдағы базарда сауда жасаған тұрғындар бар.

Муиса кейбір адамдардың соңғы сәтте құтқарылғанын, олардың ауыр жарақат алғанын айтты. Жарақаттың нақты сипаты әзірге нақтыланбаған. Ал губернатор кеңесшісінің мәліметінше, расталған қаза тапқандар саны кемінде 227 адамды құрайды. Құрбандардың нақты саны әлі анықталып жатыр.

Оқиға болған кен орны металл колтан өндіруге арналған және ол әлемдік өндірістің шамамен 15 пайызын қамтамасыз етеді.

댓글
기타 기사