Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

360
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SGFToyYMOZYUIqma9m9ukkWnEAf0M9QlGpWQ2Nnq.jpg

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағындалды. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда федерацияның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстаған.  Байсуфиновтің жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізген. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түскен.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарған еді.

2025 жылдың желтоқсанында Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілген болатын.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді. Футболшы мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.

 

댓글
기타 기사