Светлана Жақыпова қызметінен кетті

74
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ap03geuTiCf4cXQqnIkPv7xm26dbguby5oolebOx.png

Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Светлана Жақыпова министрлікті 2023 жылдың қыркүйегінен бастап басқарған, ал 2024 жылдың ақпан айында қайта тағайындалған болатын. 

Светлана Қабыкенқызы1968 жылы Қарағанды облысында туған, білімі бойынша Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты мен Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Қараой орта мектебінде мұғалім болып бастаған, кейін Целиноград қаласындағы мектепте математика пәнінен сабақ берген.

1997–2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2008–2011 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаментін басқарған. 2013–2019 жылдары министрдің орынбасары, 2020–2023 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасында ұлттық сарапшы болған. 2023 жылғы маусым айынан қыркүйекке дейін Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

댓글
기타 기사