Ресей мен Украина келіссөзі. Келесі кезең 1 ақпанда Абу-Дабиде өтеді

198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6rYvWqFRcr5sifdwOsEJiWo1tw2VYm1cqgMgukJz.jpg

АҚШ-тың арағайындығымен Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің келесі раунды 1 ақпанда Абу-Дабиде өтеді. Бұл туралы 24 қаңтарда америкалық шенеунік БАҚ өкілдерімен телефон конференция барысында аты-жөнін жарияламау шартымен мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, 23–24 қаңтарда жабық режимде өткен алғашқы тікелей келіссөздер «үлкен қадам» болған. Тараптар келіссөз барысында бір-біріне құрмет танытып, негізгі мәселелерді нақтылап талқылаған.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф те келіссөздердің конструктивті өткенін атап өтіп, келесі аптада Абу-Дабиде талқылау жалғасатынын Х әлеуметтік желісінде жазды.

Сонымен қатар АҚШ өкілі Уиткоффтың  22 қаңтарда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген кездесуі төрт сағатқа созылғанын айтты. Оның сөзінше, бұл кездесу барысында «соңғы шешілмеген мәселелер» қаралып, өте нәтижелі өткен.

Келіссөздерге Украина атынан ҰҚК хатшысы Рүстем Умеров жетекшілік етті. Ресей тарапын Қорғаныс министрлігі өкілдері, Бас штабтың бас басқармасының жетекшісі Игорь Костюков бастаған делегация таныстырды.

Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерге оң баға беріп, талқылау соғысты аяқтаудың ықтимал шарттары мен Украинаға қажет қауіпсіздік кепілдіктеріне бағытталғанын айтқан еді.

Айта кетейік, Мәскеу Донбасстың толық аумағынан украин әскерін шығаруды талап етіп отыр. Украина бұл талаппен келіспейді. Келіссөздердің алғашқы күнінен кейін Ресей Украинаға кезекті рет зымыран және дрон шабуылын жасаған.

댓글
기타 기사