Прокуратура әкесін ұрып өлтірген ер адамның үкіміне қатысты наразылық білдірді

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/724JuF0fKCB17UsKg4luzhEznO9Z85DCWZwpUedy.webp

Әкесін аяусыз соққыға жығып, өлтірген ер адамның үкіміне прокуратура қарсылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылында болған. Туған әкесін ұрып-соғып, азаптаған 41 жастағы Алмас Садақбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп таныды. Алайда Түркістан облыстық прокуратурасы үкіммен келіспей, жазаны қатаңдату туралы апелляциялық наразылық жолдады.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға сотталған. Осыған байланысты Шардара ауданының прокуратурасы апелляциялық өтінішхат түсірген.

댓글
기타 기사