Бес жастағы баласын ұрған ана. Әйелдің күйеуі мән-жайды баяндады

196
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WN6EQGgNPyj1y8GGDbXGxQjP7ot8qkXlA7IMRwq9.webp

Әлеуметтік желіде ананың баласын жылу батареясына байлап, соққыға жығып жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Балалардың әкесі Таир Курваншанов оқиға барысын баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Ер адамның айтуынша, бейнежазбаны отбасымен бірге тұратын сыныптасы түсірген. Әйел үлкен ұлы кіші дәретке жіберіп қойғаны үшін баланы тепкілеп, ауыр жаза қолданған.

«Үйде сыныптас қыз бар, видеоны сол түсірген. Мен дүкеннен келген соң оңашада көрсетті. Видеоны көргеннен кейін өзім оны жан-жаққа тарата бастадым», – деді әкесі.

Таир Курваншанов пен әйелі Марияның екі баласы бар. Ер адамның сөзінше, жұбайының психологиялық диагнозы бар және соңғы екі-үш айда мінез-құлқы күрт өзгерген. Бұған дейін мұндай ауыр соққылар болмаған, бірақ кейде балаларға шапалақ та жасаған.

Шамамен 15 күн бұрын әке жұбайымен заңды түрде ажырасуға өтініш берген, ал қазір балалардың қамқорлығын өзіне алу үшін арыз жазған.

Видео тараған соң полиция тексеріс жүргізіп, 28 жастағы әйелдің балаға дене жарақатын салғанын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қалалық әкімдік мәліметінше, ерлі-зайыптылардың екеуінде де жеңіл ақыл-ой кемістігі диагнозы бар және олар психоневрологиялық диспансерлік есепте тұрған. Отбасы 18 қаңтар күні түнде Отбасын қолдау орталығына жеткізілген.

댓글
기타 기사