Жасөспірімді соққыға жыққан әйел ұсталды

147
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PsxavohVM6Q7rqOdTtc3jxozBojN0QwrM5oG5UnR.avif

Алматыда мұз айдынында бейтаныс әйелдің 13 жастағы қыз баланы ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматылық блогердің жазуынша, оқиға Almaty Arena маңындағы мұз айдынында болған. Кезек күтіп тұрған сәтте әйел жасөспірім қызға агрессия танытып, оны соққыға жыққан. Оқиға куәгері болған блогер жағдайды видеоға түсіріп алып, бірден 102 нөміріне хабарласқанын мәлімдеді. Кейін күдікті әйелді полиция алып кеткен.

Блогердің айтуынша, жанжал әйелдің кезексіз кіріп, қыздың үстіне кофе төгіп алуынан басталған. Осыдан кейін әйел қыздың бетінен ұрып, жерге жығып, тепкілей бастаған. Жанжалды оның күйеуі әрең ажыратқан.

«Ең өкініштісі – зардап шеккен қыз ата-анасына айтпауымды өтінді. Себебі олар ұрсып, жазалап қоя ма деп қорыққан. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Қыз бала өзінің құқығы бар екенін, өзін қорғауға болатынын білмей ме?» – деп жазды блогер.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Күдікті барлық мән-жайды анықтау үшін аумақтық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

댓글
기타 기사