«Тарт қолыңды Гренландиядан!» Трамптың мәлімдемесіне қарсы жаппай наразылық өтуде

90
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IexFgJGfbp0UJcKxqnQ8BSLuApWoSKic1V0beKVj.webp

Фото: Getty Images

Гренландия мен Данияда АҚШ президенті Дональд Трамптың аралды «сатып алу» немесе «басып алу» туралы мәлімдемелеріне қарсы мыңдаған адам көшеге шықты. Бұл жағдай халықаралық қауымдастық назарын аударып, Еуропа елдері мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді. Ақпаратты BBC жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Наразылық акциялары Дания астанасы Копенгагенде және Гренландияның бас қаласы Нуукта өтті. Шеруге шыққандар «Тарт қолыңды Гренландиядан!», «Янки, үйіңе қайт!» және «Гренландия сатылмайды» деген ұрандар көтерді.

Гренландиялық қауымдастықтарды біріктіретін Inuit ұйымының басшысы Камилла Сизинг бұл мәлімдемелерді халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына жасалған қысым деп бағалады.

"Біз Дания корольдігіне құрмет көрсетуді және Гренландияның өзін-өзі басқару құқығын сақтауды талап етеміз", – деді ол.

Айта кетейік, Дональд Трамп Гренландияны АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін «өте маңызды стратегиялық нысан» деп санайды. Оның жоспарына қолдау болмағаннан кейін, АҚШ президенті еуропалық серіктестеріне экономикалық қысым күшейтуге көшкен.

Ақпаратқа сәйкес, 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды және Финляндиядан келетін тауарларға 10 пайыздық баж салығы енгізіледі.

Ал 1 маусымнан бастап, егер Гренландияны сатып алу жөнінде келісімге қол жеткізілмесе, бұл тарифтердің мөлшері 25 пайызға дейін өсуі мүмкін.

댓글
기타 기사