Көкпар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми бағдарламасына енді

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yXYkXM7T6LDiBHJ92dRhBYb0DhhTc7Hz8qVuLEUK.jpg

Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ресми бағдарламасына қазақтың көкпары енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы «Қазақстан Көкпар Федерациясының» президенті Айдарбек Қожаназаров хабарлады.

Оған дейін ойындардың тізімінде көкпардың болмауы қоғамда кең талқылау тудырған еді. 

Қожаназаровтың айтуынша, туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, қырғыз әріптестермен келіссөздер жүргізілген. Оның сөзінше, көкпар мен көкбөрі қазақ пен қырғыздың ұлттық спорт мәдениетінің маңызды символдары болып табылады.

«Бұл тек ойын емес, ұрпақтар сабақтастығы мен ортақ мәдени код. Халықаралық жарыстар достық пен бірліктің нышаны болуы керек», — деді Қожаназаров.

Айта кетейік, өткен жылы көкпар ойындар бағдарламасына енбеген. Бағдарламада тек көкбөрі спорты болған. Қазір қазақтың дәстүрлі ойыны Қазақстаннан бөлек, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан сияқты елдерде де кеңінен танымал.

댓글
기타 기사