Шымкентте 12 сыныптас әскери борышын бірге өтеп жатыр

345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ENhEnVj0otM0UM8LPGynbIAtNiA9Og3p0QhBvgft.jpg

Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде бұрын бір сыныпта оқыған 12 сарбаз әскери борышын өтеп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олар Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектепті бірге тәмамдаған.

Бөлім басшылығының айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Себебі бір ауданнан бір әскери бөлімге түсу – үлкен кездейсоқтық.

«Біз бала кезімізден бірге өсіп келеміз. Әскерге баруды саналы түрде шештік. Ешкім қашқан жоқ, керісінше, баруға ынталы болдық. Бізді бір әскери бөлімге бөлгенде өзіміз де таң қалдық. Қазір бір команда сияқтымыз»,- дейді қатардағы жауынгер Расул Саутов.

Қазіргі уақытта сарбаздар оқу пунктінде бастапқы әскери дайындықтан өтіп, әскери қызметтің негіздерін меңгеруде. Командирлер олардың ұйымшылдығы мен бір-біріне көмек көрсетуін жоғары бағалайды.

«Біз Отанымызды қорғау үшін бірге тұрғанымызға мақтанамыз. Мұнда біз бір-бірімізді мектептегідей қолдаймыз. Осындай ұжданды бірлік әскери өмірге тезірек бейімделуге көмектеседі»,- дейді қатардағы жауынгер Марат Бейбарыс.

Айта кетейік, бастапқы әскери даярлық курсы бір айға созылады. 24 қаңтарда мерзімді әскери қызметтегі жауынгерлер әскери ант қабылдайтын болады, одан кейін Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқаруды бастайды.

댓글
기타 기사