Шымкент маңында екі шетелдік ұшақ соқтығыса жаздады

200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6Qh8xLRGuSMdDnbZGj4w2Lsi36sUcAKZL1p4RPE9.jpg

Шымкент қаласы маңында шетелдік әуекомпанияларға тиесілі екі жолаушылар ұшағы бір-біріне қауіпті жақын қашықтықта ұшып өтіп, апаттың аз-ақ алдында қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған.

Ұшақтардың екеуі де Қазақстан аумағы арқылы транзиттік рейспен ұшқан. Атап айтқанда, Ресейге тиесілі «Победа» әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы Внуково – Самарқан бағытымен, ал Өзбекстанға тиесілі Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі Airbus A320 әуе кемесі Термез – Мәскеу бағытымен қозғалған.

Қауіпті жағдай кезінде екі ұшақ та Шымкент әуежайының әуе диспетчерлері бақылау жасайтын аймақта болған.

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу басқармасының мәліметінше, бұл жағдай азаматтық авиация ережелеріне сәйкес ауыр авиациялық оқиға ретінде бағаланады және міндетті түрде тергелуі тиіс.

Қазіргі таңда Қазақстанның көлік министрлігі аталған оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құру жұмыстарын бастап кетті. 

댓글
기타 기사