Елімізде ҰБТ басталды

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hMqkPZWocHQqrcYkqKGhkq1pRwzAWa4tclgyMqYK.webp

Қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ 10 ақпанға дейін жалғасатынын хабарлады. 

Биыл ҰБТ-ға 187 мыңға жуық адам қатысуға өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Тестілеуге тіркелген талапкерлердің 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, ал 189 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика-физика» (19,2%). Бұл бағыт инженерлік, техникалық, энергетикалық, құрылыс және педагогикалық мамандықтарға түсуге ниетті талапкерлерге арналған. Ал «Биология-химия» комбинациясын 16,9%, «Шығармашылық емтихан» пәндерін 9,7% талапкер таңдаған.

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Яғни, талапкерлер үш міндетті пән және екі бейіндік пән тапсырады. Тестілеу тапсырмаларының жалпы саны – 120, ең жоғары балл – 140. Тестілеу уақыты 4 сағат (240 минут), ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут берілген.

Ал шығармашылық емтиханды таңдаған түлектер оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихы пәнінен міндетті тестті тапсырады.

댓글
기타 기사