Енді 60 млн жылқының өз мерекесі бар. Жылқы жылында Дүниежүзілік жылқы күні атап өтіледі

275
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OVC5MBtLvvdBROoUriF88mD2H4RLxsTKBiRj3fCg.png

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында «Дүниежүзілік жылқы күні туралы» резолюция талқыланып, бірауыздан қабылданған. Мереке Моңғолияда тойланады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Мontsame агенттігіне сілтеп.

Аталған бастаманы Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух ұсынған. Сессия 2025 жылдың 3 маусымында өткен.

Резолюцияда айтылғандай 2026 жылы Дүниежүзілік жылқы күніне арналған негізгі іс-шараларды Моңғолия қабылдайды. Ел аумағында өтетін мерекелік бағдарламаларға әлемнің 56 елінен 10 мыңға жуық салт атты қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұл – халықаралық деңгейде жылқы мәдениетін дәріптейтін ауқымды шаралардың бірі болмақ.

Іс-шаралар шеңберінде жылқымен байланысты бірқатар бағыттар қамтылады. Алдын ала бес негізгі бағдарлама белгіленгенн Нақтырақ, ойын-сауық және мәдени іс-шаралар, иппотерапия, жылқы күтімі, атқа міну мәдениеті, 21 аймақтан жиналатын дәстүр мұрагерлерінің өнері мен тәжірибесі көрсетіледі.

Айта кетейік, 2013 жылы Моңғолия 3 мыңға жуық жүйрік қатысқан ат жарысын және ұлттық киімдегі, дәстүрлі ер-тұрман мен жүген таққан 10 мың салт аттының шеруін ұйымдастырған. Бұл шаралар Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатында өткізілген еді.

Әлемдегі жылқы саны БҰҰ мәліметтеріне қарағанда 60.8 млн бастан асады. Оның көбі АҚШ-қа тиесілі. Америкадағы жылқы саны 10 млн бастан асады деп шамаланады. Қазақстан, Моңғолия және Қытай елдерінің әрқайсысындағы жылқы саны 3 млн басты құрайды. 

댓글
기타 기사