Мұз үстіндегі ойын. Бір жасөспірім қаза тапты

587
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/etan35lQOZJJibr3tzQEa9PcZRdFT4LHGbUafo6C.webp

Алматы облысының Жамбыл ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Үмбетәлі ауылындағы су айдынында жасөспірім мұз астына түсіп, көз жұмды.

Бұл туралы 2 қаңтарда ҚР төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, «112» нөміріне жасөспірімнің қаза тапқаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ құтқарушылары мен Республикалық жедел-құтқару жасағы жеткен.

Алдын ала деректер бойынша, төрт жасөспірім ойын барысында жұқа мұздың үстіне шыққан. Алайда мұз балалардың салмағын көтере алмай, олар суға құлаған. Жақын маңда балық аулап жүрген куәгер дереу көмекке келіп, үш баланы құтқарып қалған. Өкінішке қарай, төртінші баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Қаза тапқан жасөспірімнің мәйітін РОСО ТЖМ сүңгуірлері судан шығарып, әрі қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және жұқа мұздың үстіне шықпауға тағы да шақырды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.

댓글
기타 기사