Ресей АҚШ-қа "Путин резиденциясына шабуылдың" дәлелдерін тапсырды

514
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6Tqa8phMbh5WyrI9Pv6q4wj0vOraw8x3jpx9gfX4.webp

Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ елшілігінің әскери атташесінің өкіліне Украинадан шыққан бір дронның маршруты мен контроллерінің декодталған мәліметтерін тапсырғанын мәлімдеді. Ресей жағы бұл дронның Владимир Путиннің Валдаида орналасқан резиденциясына қатысы барын айтты.

Министрлік сонымен қатар Ресей Бас штабының Бас барлау басқармасының бастығы Игорь Костюков пен АҚШ әскери атташесінің өкілі арасындағы кездесудің видеосын жариялады.

«Біз сізді хабардар ету үшін келдік: біз бұл шабуылға қатысқан дрондардың сынықтарын таптық. Кейбір дрондардың навигациялық жүйелері жақсы сақталған және техникалық тұрғыдан жұмыс істейтін күйде», – деді Костюков кездесуде.

Контроллер мен бұл құрылғының сипаттамасы АҚШ-қа «барлық сұрақтарды шешу» және «шындықты анықтауға көмектесу» мақсатында тапсырылған.

2025 жылы 29 желтоқсанда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина 91 дронды пайдаланып, Путиннің Новгород облысындағы Валдай көліндегі «Долгие Бороды» резиденциясына шабуыл жасауды көздегенін хабарлаған.

댓글
기타 기사