ШҚО әкімі жаңажылдық кешті жалғызбасты қарттармен өткізді

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L7A0Y8ut4U1zGJ33tGQdk4sbDa4SJHF8mmiNOWcY.jpg

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданы Солнечный кентінде орналасқан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, жаңажылдық кешті жалғызбасты қарттармен бірге өткізді, деп хабарлайды “Адырна”.

Қазір мұнда 116 адам тұрады. Оларға барлық қолайлы жағдай жасалған. 25 жыл бойы жұмыс істеп тұрған орталықтың ең қарт тұрғыны 96 жаста.

Аймақ басшысы қазыналы қарттарды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

«Бүгін сіздердің қал-жағдайларыңызды біліп, әңгімелесу үшін арнайы келдім. Дендеріңіз сау, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын. Мемлекет сіздерге барлық тиісті жағдайды жасай береді», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ қарттарға бағалы сыйлықтар табысталды. Кездесу барысында орталыққа жаңа, көп адам сыятын шағын автобус қажет екені айтылды. Облыс әкімі бұл мәселенің міндетті түрде шешілетінін жеткізді.

Сөз соңында қарттар аймақ басшысына шынайы ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

댓글
기타 기사