Қоғамдық мүлікті сындырған азамат Жаңа жылды абақтыда қарсы алады

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NnrDC2i5EEuqh00xj9AXqFfX9cgdMi5vv1MikHiv.webp

Астанада ер адамның мас күйде автобус аялдамасының шынысын теуіп сындырғаны бейнебақылауға түсірілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құқық бұзушыны полиция қызметкерлері жедел түрде ұстап, қамауға алды.

Оқиға Кенесары көшесінде кешкі уақытта болған. Белгісіз азамат аялдама павильонының шыны құрылымын теуіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні анықтап, ұстады.

Полиция мәліметінше, 33 жастағы елорда тұрғыны мас күйде қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген.

«Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Полиция қала тұрғындарын қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға шақырып, мұндай әрекеттер қаланың келбетіне нұқсан келтіріп, барша азаматтарға зиян келтіретінін ескертті.

댓글
기타 기사