Бестеректегі қайғылы оқиға. Сот үкімі шықты

510
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HrktVwSX3CGOCc9DUIkvS1Wthqk923vP4z6ikLqS.webp

Абай облысы Бестерек ауылында төрт баланың өліміне әкеліп соқтырған резонансты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

55 жастағы жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кәмелетке толмаған баласының бар екені және кінәсін толық мойындауы ескерілген.

Бұған дейін айыптаушы тарап сотталушыға 9 жыл 6 ай жаза сұраған еді. Соңғы сөзінде ер адам өз кінәсін мойындап, қаза тапқан және зардап шеккен балалардың туыстарынан кешірім сұрады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 тамызда болған еді. Toyota көлігін басқарған 55 жастағы жүргізуші аула ішінде ойнап отырған  балаларды қағып, салдарынан төрт бала қаза тауып, екеуі түрлі жарақат алған. Сотта жүргізуші көлік тізгінінде талмасы ұстап қалғанын айтқан. Сол себепті аулада ойнап жүрген алты баланы қаққанын білмеген. Есін тек полиция бөлімшесінде жиған.

댓글
기타 기사