Қожа рөлін сомдаған белгілі актер Нұрлан Санжарұлы өмірден өтті

247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XkH9JosBxS931yZ8qbzA1vBGONdTMLNEnhVoIvzC.jpg

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер,  сценарист, кинодраматург Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті. Қайғылы хабарлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

“Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай”, делінген министрлік хабарламасында.

댓글
기타 기사