Жолаушы көз жұмды. Мюнхен – Бейжің рейсі Алматыға шұғыл қонды

75
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/N2OYStTraleg5XLY2oo5SJGXw6QpGtAEtdnJD6nY.jpg

Мюнхеннен Бейжіңге бара жатқан Lufthansa ұшағы борттағы төтенше жағдайға байланысты Алматыға шұғыл қонды – рейсте жолаушы көз жұмған. Қазақстанның авиация әкімшілігі жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Адырна".

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 желтоқсанда Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған Lufthansa компаниясының LH 0722 рейсімен ұшып бара жатқан жолаушы өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

"Экипаж мүшелері Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға шешім қабылдады. Әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы ұшаққа тез арада жіберілді", - делінген хабарламада.

Келіп жеткен медицина қызметкерлері жолаушының ұшу кезінде көз жұмғанын анықтады.

Ұшақ Алматыда жанармай құйып алып, сағат 7:56-да баратын әуежайына ұшып кетті.

댓글
기타 기사