Путин Орталық Азияның үш президентін марапаттады

829
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nfZGh5P0EnftxSztyC6HSEry0j8zuUALViPWxAt4.jpg

Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон және Шавкат Мирзиеев Лев Толстой атындағы Халықаралық бейбітшілік сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сыйлық 2025 жылы Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан елеулі үлес үшін берілген.

Марапаттау рәсімі 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен. Іс-шара барысында Ресей президенті Владимир Путин әріптестерін құттықтап, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы ортақ еңбекті жоғары бағалады.

Өз кезегінде Орталық Азия елдерінің басшылары бірлескен жұмысына берілген баға үшін Владимир Путинге алғыс білдіріп, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Еске салайық, 31 наурызда Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері үш елдің шекарасы түйісетін жер туралы келісім мен Мәңгілік достық туралы Хожант декларациясына қол қойған еді.

댓글
기타 기사