Волгоградта  «Орталық Азия – Орталық» магистральды газ құбыры істен шықты

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DmBEC3xot8j4HdgpfoJggitUHYdZuMJZYc1zEcqC.webp

Ресейдің Волгоград облысында «Орталық Азия – Орталық» магистральды газ құбыры істен шықты. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы РБК-Украина өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ресми себеп ретінде 19 желтоқсанда орын алған топырақтың шөгуі аталды. Хабарламада айтылғандай, оқиғаның «елеусіз» деп бағалануына қарамастан, бірнеше сағаттың ішінде апат орнына жедел және арнайы қызметтердің көптеген көліктері тартылған.

Газ тасымалдау белгісіз мерзімге тоқтатылды.

Аталған құбыр «Газпромға» тиесілі газ құбырлары жүйесінің бір бөлігі және Түрікменстаннан Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Ресейге табиғи газ тасымалдайды.

Еске салайық, «Орталық Азия – Орталық» магистральды газ құбыры бұған дейін де, 2025 жылғы 2 тамызда Волгоград облысындағы Динамовское ауылы маңында болған жарылыстардан кейін істен шыққан еді.

댓글
기타 기사