Келер жылы ҰБТ өзгере ме?

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hMqkPZWocHQqrcYkqKGhkq1pRwzAWa4tclgyMqYK.webp

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстандық ҰБТ-ны әдіснамасы мен сапасы жоғары халықаралық тестілеу жүйесіне айналдыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның аясында Educational Testing Service (ETS) халықаралық тестологиялық компаниясында оқыту үшін әзірлеушілер мен сарапшылардың тізімін дайындау, ҰБТ-ны кезең-кезеңімен жетілдіруге арналған бес жылдық жоспар әзірлеу және ETS-пен бірлесіп тест форматын жаңғыртудың әдіснамасын жасау көзделіп отыр.

Алайда 2026 жылы ҰБТ форматына өзгеріс енгізу жоспарланбаған.

"Барлық өзгеріс ғылыми тұрғыда зерделеніп, шетелдік және отандық тәжірибелі маман-сарапшылардың қатысуымен мұқият талқыланады. Білімді бағалау жүйесіндегі жаңашылдықтардың маңызы мен нәтижелері қоғамға жан-жақты түсіндірілетін болады", – делінген ведомствоның жауабында.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ETS білім беру және таланттарды дамыту саласындағы халықаралық ұйымы ҰБТ-ны трансформациялауға бағытталған стратегиялық әріптестікті бастайтынын мәлімдеген еді. 

댓글
기타 기사