Қала келбеті жаңарып келеді: Жезқазғандағы негізгі жобалар

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/v7cKWEVulq8hSJ9IGYrI1Csx7EkA51mSqMxetHnD.jpg

2025 жыл Жезқазған қаласы үшін абаттандыру және көгалдандыру жылы болды. Қала аумағында саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, тұрғын үйлердің қасбеттерін жақсарту және инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Алашахан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды. Қалада 31 жаңа балалар ойын алаңы орнатылып, 8 алаң қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 100 қоқыс контейнер алаңы абаттандырылып, 400 контейнер ауыстырылды. Аулаішілік жарықтандыруды жақсарту мақсатында 105 көше шамы мен жарықтандыру тіректері орнатылды. «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Момышұлы көшесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Қаланың дамуы жаңа Батыс ауданымен жалғасуда. Бас жоспарға сәйкес бұл аумақта әлеуметтік нысандар мен заманауи тұрғын үй кешендері салынады. Болашақта мұнда 12 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді деп күтілуде.

Сәулеттік келбет пен қала құрылысы жоспарлау бағытында батыс ауданда магистральдық жылу, су және кәріз желілерінің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, қаладағы төрт ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленуде.

댓글
기타 기사