Қоғамдық орында ниқаб кигендер айыппұл арқалайды

696
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OerpDNcpSIMbErRCRV8EejUwdqmZO1hdsff6dA0w.jpg

Қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын киім кигендерге жаза қолданылады. Бүгін, 3 желтоқсанда Мәжіліс «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады. Оған отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық органдары, БАҚ, жастар ісі жөніндегі орталықтар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер кіреді. Сонымен қатар профилактика моделінің өзі қайта қаралады. Енді оған жалпы, жеке және арнайы шаралар енгізіледі»,-делінген хабарламада.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Құқықбұзушылық үшін бірінші рет ескерту жасалады, қайталанған жағдайда 10 АЕК ( шамамен 43 мың теңге - ред.) көлемінде айыппұл салынады.

Заңға қайшы контентті жариялағандар мен таратқандарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұзушылықтардың себебін жою туралы нұсқауларын қасақана орындамағандарға қатысты жауапкершілік енгізіледі. 

댓글
기타 기사