Ғылымның дамуына не кедергі? Мансұровтың нұсқасы

588
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/63MYe0OZGuDFstG2Xb9GUJcHG3a1yC5BwgXXgsYN.jpg

Белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор Зұлхайыр Мансұров еліміздегі ғылыми зерттеулердің қазіргі жай-күйі туралы пікір білдірді. Айтуынша, соңғы жылдары жас ғалымдарға қолдау күшейіп, көптеген зерттеу жобасы жүзеге асқанымен, салада шешілмеген мәселелер де аз емес, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Профессор биыл Жану проблемалары институтының қызметкерлері жас ғалымдарға арнап ұйымдастырлған конкурста топ жарғандарын жеткізді.

«40 жасқа дейінгі ға­лым­дарымыз қатысып, грант ұтып алды. Биыл біздің институттың ғалымдары 25 жоба бойынша зерттеулер жүргізіп, ғы­лы­ми жұмыс жазды. Мұның бәрі жақсы, де­ген­мен проблема мүлде жоқ десем өтірік б­олар. Мәселен, біз секілді ғылыми-зерт­теу институттарына өте қажет, қымбат электрон микроскоптар бізде жоқ... 

Мен жақында Қытайдың металдарды зерт­теу институтында болдым. Сонда ә­р­бірінің құны 1 миллион доллар тұратын 2 және әрбірінің құны 10 миллион доллар тұратын 2 электрон микроскоп көрдім. Ол нанотехнологиялық зерттеулер үшін аса қажет құрал ғой. Ол бізде жоқ болған­дық­тан, біздің докторанттар үш жылда бір рет шетелге шыққанда өздері жасаған на­номатериалдарды алып барып, әлгіндей микроскоп арқылы көреді. Ал оны ақысыз көре алмайсың. Бізде он жыл бұрын алын­ған микроскоптар ескіріп қалды, қазір ондай құралды әлемдік нанотехникалық зерттеу орталығында пайдаланбайды. Де­мек, зерттеуіміз тиянақты болуы үшін біз­ге соңғы үлгідегі электрон микрос­коп­тар керек. Соны сатып алуға көмектесіңіз деп Білім және ғылым министрлеріне хат жазам, ал олар жиі ауысып жатады. Бірақ кө­мек қолын созған емес»,- деді ол Turkystan.kz-ке берген сұқбатында.

Зұлхайыр Мансұров елімізде Scopus жүйесіне кіретін бірінші дәрежелі ғылыми журнал жоқекенін атап өтті.

«Қазір ғылым жо­лында жүрген жастар Scopus мәліметтер ба­засына кіретін импакт-факторлы жур­нал­дарға мақалаларын шығаруға тиіс. Ол оңай емес. Ондай журналдарға материа­лың­ның ғылыми стандартқа келуі бір қиын­дық болса, ақша төлеп, кезек күтіп барып бастыру – тағы бір қиындық. Елімізде шы­ғатын, Scopus жүйесіне кіретін бірінші дә­режелі ғылыми журнал жоқ. Мен шы­ғарып отырған «Euroasian chemico-technological journal» Scopus жүйесіне кіргенімен, үшінші дәрежелі журнал. Ағылшын тілінде шыққанымен мұнда жарияланған мате­риал­дарды бүкіл әлем оқымайды. Ал бұл жур­налды бірінші дәрежелі журнал ету үшін жылына 50 мың доллар төлеу қажет. Міне, жоғарыда айтып кеткен қымбат мик­роскоп пен журналдың рейтингін кө­теруге қаражат сұрап жо­ға­ры­дағы кісілер­ге сан рет хат жаздым, – жауап жоқ. Егер құ­ны қымбат тұратын микрос­кобымыз бол­ғанда ғалымдарымыз өздері тапқан на­номатериалды қарап, зерттеу үшін өзге ел­ге ақша төлеп жүрмес еді, сол сияқты Scopus жүйесіне кіретін өз импакт-фак­торлы бірінші дәрежелі жур­налымыз бол­ғанда, жас ғалымдар шет­елдік журнал­дарға материалын шығара алмай қиналып жүрмес еді»,- деп толықтырды ол.

Профессор шетелдік тағылымдамаға баратын докторанттарға бөлінетін қаражат көлемі де азайғанын жеткізді.

«Бұрын док­торант­тарға шетелден тағылымдамадан өту үшін 3 ай уақытқа қаражат берілетін болса, қазір 1 жарым айға ғана жететін ақша бе­ріледі. Сосын, шетелдік ғылыми орта­лық­тарда зерттеу жүргізуге және жетек­ші­лік ететін шетелдік ғалымға ақша төлеу қа­жет. Мемлекет бұрын оған көмектесетін, қа­зір қаржы бөлуді тоқтатты. Бұл ай­тыл­ған нәрселер елімізде ғылымның дамуына ке­дергі болатын факторлар дер едім. Осы­ны сіздің газет арқылы тиісті орындардың назарына тағы бір рет салып қойсам, ар­тық болмас деп ойлаймын»,-деді ғалым.

댓글
기타 기사