Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады

210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HIAp48VxQYrqHa40vjn6OWnqawm6IyXMGD6LwTZO.jpg

Фото: Қорғаныс министрлігі

Желтоқсан айының алғашқы күндері Қарулы күштердің барлық бөлімдері жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа көшеді. Қорғаныс министрлігі жаңа машықтану жылы басталғанын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна”.

Бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды.

Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көлігімен жеткізіледі.

“Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз”, – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

댓글
기타 기사