Жоғалған мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды

378
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысының мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл жөнінде қалалық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 24 қараша күні сағат 21:00-де қала тұрғыны қызын таба алмай, құқық қорғау органдарына жүгінген. Айтуынша, жасөспірім сағат 18:30 шамасында үйден шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Қызды іздеуге полицияның барлық жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер тартылған.

Іздеу жұмыстары нәтижесінде жасөспірімнің денесі өзеннен табылған.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

댓글
기타 기사