Желіде деструктивті діни ағымдарды насихаттағандар ұсталды

541
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pRjxNOMt411iKN0eKhKqtHtuZYM3qgWOh2JQ4XwO.jpg

Әлеуметтік желі арқылы деструктивті діни ағымдарды насихаттаған 6 адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады.Тергеудің болжамы бойынша, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан»,- делінген хабарламада.

Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленген.

ҰҚК сот санкциясымен аталған тұлғалардың қамауға алынғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

댓글
기타 기사