Алматыда екі қабатты қойма өртке оранды

420
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6kWfHYaiTTr9c7i8tB0MjsSsuclijsfqcn0BVom9.jpg

Алматы қаласының Жетісу ауданында екі қабатты қойма аумағында ірі өрт шықты. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна". 

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеу үшін қойманың шатырын ашып, негізгі ошақтарға дейін жетуге кіріскен. Өртті тиімді сөндіру мақсатында ғимараттың конструкциялары суарынып, кейбір элементтері бұзылып, техникалық өткелдер жасалуда.

Оқиға орнында 80 маман, 21 арнайы техника және Алматы қаласы ТЖД-ның өрт сөндіру автопоезы жұмыс істеп жатыр. Құтқару және өрт сөндіру қызметтері бірлесіп әрекет етуде.

Қазіргі уақытта жарақат алғандар немесе зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше қызметтер жағдайды толық бақылауға алған.

댓글
기타 기사