Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ер адам полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде өзін өртемек болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды "Адырна".
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға дейін тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған көлікті тоқтатып, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Біраз уақыттан кейін жүргізуші полиция бөлімшесіне қайта келіп, полиция қызметкерлерінің заңды әрекетіне наразылығын білдірген.
Бақылау бекетінде үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өз-өзін өртеуге әрекет жасаған. Полиция қызметкерлері оны дер кезінде тоқтатып, медициналық мекемеге жеткізді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Маңғыстауда ер адам полиция бөлімінің алдында өзін өртемек болды
21.11.2025
420
댓글