Әнші Меруерт Түсіпбаева отбасындағы қайғылы хабарды бөлісті

318
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TyKl866xnV29EiWF0ImGcw07we1A2KRdx5EiUayu.jpg

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желідегі парақшасында қайғылы хабармен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әншінің айтуынша, әкесі Балғабай Түсіпбаев 88 жасына қараған шағында дүниеден өткен.

«Папам фәни жалғаннан озды… Әдетте, 88 жас деген той ғой деп жұбатады жақындар. Осы сөздермен келіссең де, қоштасу өте қиын… Әкем мені төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді», – деп жазды ол.

Меруерт Түсіпбаева әкесінің Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосқанын, баян мен домбыраны шебер меңгерген өнерлі жан болғанын атап өтті.

«Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен, баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші еді. Баян өңіріне есімі кеңінен таныс, өнерлі жан еді… Рухыңыз пейіште шалқысын, папа…» – деп жазды өнер иесі.

댓글
기타 기사