"Емделгім келмейді". Қазақстандық әнші қатерлі ісікке шалдыққанын айтты

526
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7yAHyUckUIjxE7u3J8To490Yy5i4amIGwt7O6YCw.jpg

Әнші әрі актриса Нора Нұғман қатерлі ісікке шалдыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Нора (Нұргүл Нұғманова) есімімен танымал әнші, актриса және продюсер қатерлі ісікке шалдыққан. Ол денсаулығы туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты.

Өнер иесінің сөзінше, екі жыл бұрын омырауында түйін пайда болып, тексеру нәтижесінде оның қатерлі ісік екені анықталған.

«43 жыл бойы бірде-бір рет тексерілмеппін. Омырауымда түйін шыққан соң ауруханаға бардым, дәрігерлер оның қатерлі ісік екенін айтты. Барлық анализді тапсырдым, диагноз расталды. Бірақ мен оны фиброаденома деп ойлаймын, өйткені дәрігерлерге сенуден қалдым», – деді әнші.

Алғашқы кезеңде ол дәрігерлер ұсынған емді қабылдап, химиотерапиядан өткен. Оның айтуынша, сол уақытта аурудың бетін қайтарған. Алайда Нора Нұғманда ауру қайта асқынған.

Әнші қатерлі ісікке қарсы ем қабылдаудан бас тартқанын да жасырмады.

«Ауруханада жатқым келмейді, қайтадан химия қабылдағым келмейді. Бұрын емделсем, жазыламын деп сендім. Бірақ рецидивті естігеннен кейін шешім қабылдадым – емделгім келмейді. Мен бұл уақытты аурумен арпалысуға емес, өмір сүруге арнағым келеді», – деді өнер иесі.

 

댓글
기타 기사