10,5 млрд теңге. Әкім ластану мәселесіне қатысты жаңа шараларды таныстырды

413
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CcYhmF9U90rbWJ2A8VqM9vmV46i1z7vhq6cePd0R.jpg

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Әкімнің айтуынша, Өскемендегі атмосфералық ауаның негізгі ластаушыларына автокөлік, өнеркәсіп орындары жатады.

Қаланы экологиялық тұрғыда сауықтыру үшін үш жылдық жоспар қабылданып, оны жүзеге асыруға 10,5 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, жергілікті билік ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен арнайы экологиялық меморандумға қол қойған.

«Экология департаментінің мамандары кез келген уақытта кез келген кәсіпорынға кіріп, замер жүргізе алады. Қажет болған жағдайда өндіріс қуаты уақытша төмендетіледі. Мысалы, жақында Казцинк металлургия өндірісін 20%-ға, цинк өндірісін 50%-ға қысқартты», – деді облыс әкімі.

Өскеменде шығарындылардың нақты көзін анықтау үшін 25 стационарлық экобекет орнатылып жатыр.

32 мыңнан астам жеке үй пешпен жылынатындықтан, билік оларды орталық жылу жүйесіне қосу жобасын да қолға алған.

Тұрғындар Өскемендегі лас ауа, өзен мен топырақ жағдайына қатысты жылдар бойы шағымданып келеді. Алайда қаланың негізгі өндіріс орындары – қала қалыптастырған кәсіпорындар болғандықтан, оларды көшіру мүмкін емес.

댓글
기타 기사