Жетісайдағы трагедия. Әзірге қылмыстық құрам жоқ дейді билік

846
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tTDJCnyiv9wDW1g901YLmeBkX1PBUW8bjrmcSXpZ.jpg

Бүгін, 19 қараша күні Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өртке байланысты қабылданып жатқан жедел шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Вице-премьер кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққанын айтты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара опырылған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөндірілген.

Ол оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, өрттің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Бозымбаевтың айтуынша, әзірге қылмыстық құрам жоқ. «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі).

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша кеше мен Үкіметтік комиссияның отырысын өткіздім, жерлеу рәсімін ұйымдастыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету, өрттің туындау себептерін анықтау, сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізу бойынша бірқатар тапсырма бердім», -деп баяндады вице-премьер.

Еске салайық, өрт орнында 12 адам қаза тапқан еді, олардың 9-ы – бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

댓글
기타 기사