Ел рәміздеріне құрмет – елжандылықтың айғағы

444
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RA4riQL1uiTx92S6pTr2Pd0LrboyhhOnSyBLDAqa.jpg

Патриотизм, бірлік пен тұрақтылық – Қазақстанның дамуы мен өркендеуінің басты рухани тіректері. Бұл құндылықтар – ұлттың іргесін бекітетін, ел болашағын айқындайтын мәңгілік бағыт. Патриотизм – Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, туған жердің тағдырына жауапкершілікпен қарау, халыққа адал қызмет ету және елдің жетістігіне қуана білу.
 
​Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біздің ең басты байлығымыз – ел бірлігі мен қоғамдық келісім» деп атап өткен. Бұл қағида әрбір қазақстандықтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Себебі бірлік пен тұрақтылықсыз елдің дамуы мүмкін емес. Бірлік бар жерде татулық пен өзара түсіністік, ал тұрақтылық бар жерде бейбіт өмір мен сенімді болашақ қалыптасады.
​Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – осы құндылықтардың айқын көрінісі. Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің, ұлттық бірегейлігі мен елдік рухының басты нышандары. Олар халқымыздың тарихын, ерлік дәстүрін және мемлекетіміздің болашағына деген сенімін бейнелейді. Сондықтан әрбір азамат мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарап, оларды қорғау мен дәріптеуді өзінің азаматтық борышы деп білуі қажет.
​Жыл сайын 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні республика көлемінде кеңінен аталып өтеді. Бұл күн елімізде отансүйгіштік пен ұлттық мақтаныш сезімін арттырудың ерекше мерекесіне айналған. Осы орайда еліміздің барлық өңірлерінде түрлі мәдени-бұқаралық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастардың бойында патриоттық сана мен елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
​Осы ретте Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысы Дархан Қаныбекұлы Қадралиев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты: –Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз – қоғамда патриоттық сана мен ұлттық бірегейлікті нығайту. Жастарға мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын түсіндіру, елдің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге баулу – азаматтық тәрбиенің негізгі бағыты болып табылады. Бірлік пен тұрақтылық – кез келген табыстың кілті. Сондықтан біз қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау бағытында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру және тәрбиелік жұмыстар жүргізіп келеміз. Жыл бойы жастармен еліміздің көк туын әлем аренасында желбіретіп жүрген танымал спортшылар мен өнер иелерімен кездесулер ұйымдастырылып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда, – деді Дархан Қаныбекұлы.
​Патриоттық тәрбие – ұлт болашағының кепілі. Жастардың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсене араласуы – нағыз азаматтық ұстанымның көрінісі. Олардың бойында елжандылықты, жауапкершілікті және бірлік рухын қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
​Патриотизм – елге деген сүйіспеншіліктің, бірлік – халық татулығының, ал тұрақтылық – мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің кепілі. Осы үш құндылық өзара үйлесім тапқанда ғана еліміздің іргесі берік болып, Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ.

댓글
기타 기사