Туысы жындыханаға жапқан. Көпбалалы ана баспаналы болды

570
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yxuzNxEnkaRE2HeYcBKyLpr4vzZMqHcxEBIdWvTh.webp

Ақтөбе қаласының тұрғыны Жұлдыз Тлеуф пен оның бес баласы жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы отбасының тұңғышы Құралай Есболатова әлеуметтік желідегі парақшасында жзады.

Ол қуанышты жаңалығымен бөлісіп, қазақстандықтарға алғысын білдірді.

«Бұл біз үшін күтпеген тосын сый болды. Көптен күткен күніміз келді. Керемет күннің, жаңа өмірдің бастауы деп білемін. Бізге қолдау көрсеткен барша қазақ еліне үлкен рақмет», – деп жазды ол.

Құралайдың айтуынша, баспана қоғамдық қордың қолдауымен берілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Жұлдыз Тлеуфтің тағдыры жұрттың назарын аударған еді. 

Оның қызы Құралай желідегі парақшасында көмек сұрап, жазба жариялаған.

"Анамызды жүйке ауруына шалдықты деп мәжбүрлі түрде есепке қойды. Бұл – нағашыларым мен анам арасындағы мүлікке таластан кейін басталды. Үйімізді сатып, анамның телефоны мен менің банк картамды пайдаланып, сыныптастарым мен ата-аналардан ақша жинаған. Енді біз пәтер жалдап, баспанасыз қалдық. Анама шизофрения диагнозы қойылды", – деген Құралай.

Жергілікті органдар жағдайдан хабардар екенін айтып, отбасы бақылауда болғанын хабарлаған.

댓글
기타 기사