Судья мас күйінде неге көлік айдаған? Министрліктің уәжі

880
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Қазақстан ішкі істер министрлігі Астанада мас күйінде көлік жүргізген судьяның ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

2 қарашада әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваның мас күйінде көлік тізгіндегені туралы ақпарат тараған.

ІІМ мәліметінше, оқиға 1 қараша күні таңғы сағат 04:30 шамасында «Хан Шатыр» сауда орталығы маңында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Mazda-6 автокөлігін тоқтатып, жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілерін анықтаған.

«Тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде болғаны және көлікті жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталды», — делінген ІІМ ресми хабарламасында.

Аталған дерек бойынша материалдар Бас прокуратураға жолданды. Бұл орган өз кезегінде Жоғары сот кеңесіне судьяны жауапқа тарту мәселесін қарауға ұсыныс енгізеді.

Бұған дейін полиция көліктің коммуналдық тұраққа қойылғанын және оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

댓글
기타 기사