Алматы әкімінің экс-орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

837
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/les5HuRggfPzg4RIdFoKFEdv11fJu6h0zbwUpP9p.jpg

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген, Болашақ бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (Солтүстік Каролина, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін алған, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (Phd) ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеген.

2018 жылы Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы болған. 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2019 жылдың наурыз-қазан аралығында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен. 2020 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

댓글
기타 기사