Тутанхамон қазынасы көпшілікке ұсынылды. Египеттің Байтақ мұражайы ашылды

1118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X8rzYxcoG83JcGZySj6vk5aNFD9k4gLGcTD3TkH3.jpg

Гиза пирамидаларының маңында орналасқан Египеттің Байтақ музейі ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Салтанатты рәсім 1 қарашада өтті. Іс-шараға әртүрлі елден келген лауазымды тұлғалар қатысты. Олардың арасында Германияның федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бар.

500 мың шаршы метр аумақты алып жатқан бұл мұражайдың көлемі Луврдан екі есе үлкен. Оның коллекциясында 70 мыңнан астам экспонат бар. Соның ішінде бұрын көпшілікке көрсетілмеген жас перғауын Тутанхамонның қабірінен табылған асыл қазыналар да бар.

Жоба алғаш рет 1992 жылы жарияланғанымен, нақты құрылыс жұмыстары тек 2005 жылы басталған болатын. 2012 жылы ашылуы жоспарланған жоба құрылыс шығындарының артуына, саяси тұрақсыздыққа, COVID-19 пандемиясына және аймақтық қақтығыстарға байланысты бірнеше рет кейінге шегерілген.

Айта кетейік, 20 жыл бойы салынған мегажобаға шамамен 1,2 миллиард АҚШ доллары құйылған. Қаржының негізгі бөлігі Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің несиесі арқылы қамтамасыз етілген.

댓글
기타 기사