Дрон жауған түн. Мәскеуге жасалған шабуылдың тойтарылғаны айтылды

1220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/g59WNZvV5m4LvkmUTpMbDR30jWsaZ4VgkHhttgUK.jpg

26 қазанан 27 қазанға қараған түні  Мәскеуге кемінде 34 дронмен шабуыл жасалды. Бұл туралы қала мэрі Сергей Собянин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, барлық дронды Ресейдің әуе қорғаныс күштері атып түсірген. Дрон сынықтары құлаған жерлерде төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеген, алайда шабуылдың нақты салдары туралы ақпарат берілмеді.

Ресейлік SHOT Telegram арнасының мәліметінше, жарылыстар Мәскеу маңындағы Раменск, Подольск, Климовск, Домодедово, Коломна және Троицк қалаларында естілген.

Сондай-ақ, Домодедово және Жуковский әуежайларының жұмысы уақытша тоқтатылған.

Кейбір дрондар Мәскеуге жетпей, Тула облысы аумағында атып түсірілген. Куәгерлер түнгі сағат 2 шамасында жарылыстар мен аспандағы жарқылдарды байқаған.

Supernova+ арнасы Мәскеу облысындағы жарылыстар мен Кремль маңындағы әуе қорғаныс тобының видеосын жариялады.

Ал Astra басылымы Коммунарка елді мекені маңында түтін байқалғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің дерегінше, бір түнде 193 украин дроны атып түсірілген. Олардың 40-ы Мәскеу облысына, ал 34-і Мәскеуге бағытталғаны айтылады.

댓글
기타 기사