Бішкек соты Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін тұтқындауға сырттай шешім шығарды

1250
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0VfYZVsWcRn7OSxPI1Rn2js5wWexxN0YD7bpGTRX.webp

Қырғызстан астанасы Бішкектің Бірінші май аудандық соты кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволды қамауға алу туралы сырттай шешім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шешімнің шығуына Екатерина Биволдың 21 қазанда әлеуметтік желіде жариялаған видеосы себеп болған. Бейнежазбада ол қырғыз және қазақ ұлттарын қорлайтын сөздер айтқан.

Осыған байланысты Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының тергеу қызметі Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы – “Нәсілдік, этностық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздық туғызу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бапқа сәйкес бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соттың шешімімен 1990 жылы туған күдікті Екатерина Биволды сырттай қамауға алу және оны Бішкектегі №21 тергеу изоляторына жіберу туралы қаулы шығарылды.

Бұған дейін Қырғызстандағы бес адвокат қоғам өкілдері атынан үндеу жасап, Екатерина Биволдың әрекетіне құқықтық баға беруге және іс қозғауға дайын екенін мәлімдеген. Олар тіпті Ресейге барып, күдіктіні жауапқа тартуға күш салатынын айтқан.

Екатерина Бивол – Ресей азаматы, тегімен Қырғызстан тумасы. Ол жартылай ауыр салмақтағы танымал кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі.

Бұған дейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты тергеуге дейінгі тексеріс бастағаны туралы жазған едік. 

댓글
기타 기사