Каспийдің тайыздануынан ең көп зардап шегіп отырған — Қазақстан

1322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rkHHnfNCpacnH8zBd984tOFMjouejepUOEPpQzLM.jpg

Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуінен ең көп зардап шегіп отырған — Қазақстан акваториясы. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, ғасырдың ортасына қарай теңіз деңгейі тағы екі метрге төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеп.

Ғалымдардың айтуынша, теңіз деңгейінің төмендеуіне климаттық өзгерістер мен адам әрекеті әсер етуде.

Зерттеулер көрсеткендей, 2050 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша минус 32,4–34 метрге дейін түсуі ықтимал.

Тарихи деректерге сәйкес:

  • 1940–1977 жылдары теңіз жылына 4 см төмендеген;
  •  1978–1995 жылдары жылына 13 см көтерілген;
  • 1996–2023 жылдары жылына 8 см төмендеген.

2006 жылдан бері Каспий деңгейі 2 метрге азайған.

2024 жылы теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінде деңгей 22 см, ал шығыс бөлігінде 29 см төмендеген.

Қыркүйек айындағы дерек бойынша, теңіздің ең жоғары деңгейі Иголкинская банкада – 147 см, ал ең төменгісі Құрық маңында – минус 195 см болды.

Орташа деңгей – минус 29,18 метр (Балтық жүйесі бойынша).

댓글
기타 기사