Көшедегі арнайы техникаға соғылған. Жол апатынан полицей қаза тапты

665
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/skoryj.jpeg

24 қазанға қараған түні Ақтау қаласында  жол апаты тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

13 пен 14 шағынаудандар арасындағы тасжолда Toyota Camry көлігі жол жиегінде тұрған арнайы техника - жүк тиегішке соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.

Ақпаратқа сүйенсек, көлік жүргізушісі полиция қызметкері болған. Ол апат кезінде демалыста жүрген және қызметтік міндетін атқармаған.

Полиция департаменті мәліметінше, сараптама қорытындысы жүргізушінің апат сәтінде мүлде мас болмағанын көрсеткен.

Көлікте тағы бір жолаушы болған. Ол түрлі жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Кей деректерге сүйенсек, ол да полиция қызметкері болуы мүмкін. Алайда бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге растаған жоқ.

댓글
기타 기사